«Пай,пай, шіркін, қазақтың дәстүрлері-ай!»

14 наурызда № 3 балалар кітапханасында № 21 мектептің 2 сынып оқушыларымен «Пай, пай, шіркін, қазақтың дәстүрлері-ай!»  атты этнографиялық калейдоскоп өткізілді. Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Оқу залы киіз үй түрінде безендірілді. Шараны жүргізуші Д.А.Калиева «Наурыз мейрамы» кіріспе әңгімесімен бастады. Наурыз мейрамы, салт-дәстүр туралы айтты. Қонаққа әжені (кітапханашы А.З.Сүлейменова) шақырды. Әже «Наурыз көктем келді, алақай!» кітап көрмесіне шолу жасап, «Сен білесің бе?» сериясындағы кітаптар бойынша қазақтың салт-дәстүрлерімен, қазақтың ұлттық тағамдары, киімдері, ойындарымен таныстырып өтті.

Балалар жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, сайыстар мен ойындарға белсене қатысты. «Сәттілік» ойынында сандықтағы асықтың түсіне қарай сұрақтар болды. Қызыл түсті асық – ұлттық киімдер, жасыл түсті асық – ұлттық тағамдар, ақ түсті асық – тұрмыс-салт бойынша сұрақтар қойылды. «Теңге алу», «Көтермек», «Арқан тарту», «Қол күрестіру» сияқты ойын түрлері ойнатылды. Барлықтарына бауырсақ таратылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар берілді. Наурыз мейрамында Қыдыр атаны тосу дәстүрі бар. 2 сыныптың оқушысы Кислов Матвей Қыдыр ата болып бата берді. 26 адам қатысты.

IMG_0184.th.jpg IMG_0185.th.jpg IMG_0187.th.jpg IMG_0188.th.jpg SAM_3184.th.jpg SAM_3241.th.jpg

Комментарии запрещены.