«Наурыз — береке бастауы» этнография сағаты

15 наурызда №3 көпшілік кітапханасының қызметкерлері Ленин кентіндегі №33 мектептің жоғары сынып оқушыларына «Наурыз — береке бастауы» атты наурыз мейрамына арналған этнографиялық сағат өткізді. Іс-шара мектептің акт залында өтіп, қыздардың ұлттық киіміне арналды. Кітапханашылар «Қазақ қыздарының киімі» атты слайд-презентация дайындап, ұлттық киімнің
көрмесін жабдықтады.

Шараны іс-шара жүргізушілердің қалалық конкурсының жеңімпаздары – оқушылар Қанат Жаманов пен Сабина Жолдаспаева жүргізді. Оқушылар Аружан Шандыбасова, Жарқынай Қаиркенова мен Аида Құсаинова модельдер көрсетті. Этнография сағатына кітапхананың тұрақты оқырманы, «Огородник» клубының мүшесі, қолөнер шебері Ғалия Балтабайқызы Сұңғатова белсене қатысты. Ол қыздар шолпыны шашына жүріс-тұрысының жарасымды болуы үшін тағатынын айтты. Себебі жүрген кезде шолпы қатты сылдырайды. Қыздар сәукеле кимеген, оны тек қалыңдық қана киген. Сондай-ақ тақия да кимеген. Көз тимеуі және дуа өтіп кетпеуі үшін киімге не қадағанын, киімді қалай әшекейлегенін білді.

Іс-шара соңында Ғалия Балтабайқызы ою-өрнек дайындаудан шебер-сынып өткізді. Мектеп
директорының орынбасары Алмагүл Сембайқызы жиналғандарды келе жатқан мерекемен
құттықтады. 60 адам қатысты.

NAURYZ-V-SKOLE-017.th.jpg NAURYZ-V-SKOLE-024.th.jpg NAURYZ-V-SKOLE-013.th.jpg

Комментарии запрещены.