14 наурызда № 3 балалар кітапханасында № 21 мектептің 2 сынып оқушыларымен «Пай, пай, шіркін, қазақтың дәстүрлері-ай!» атты этнографиялық калейдоскоп өткізілді. Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Оқу залы киіз үй түрінде безендірілді. Шараны жүргізуші Д.А.Калиева «Наурыз мейрамы» кіріспе әңгімесімен бастады. Наурыз мейрамы, салт-дәстүр туралы айтты. Қонаққа әжені (кітапханашы А.З.Сүлейменова) шақырды. Әже «Наурыз көктем келді, алақай!» кітап көрмесіне шолу жасап, «Сен білесің бе?» сериясындағы кітаптар бойынша қазақтың салт-дәстүрлерімен, қазақтың ұлттық тағамдары, киімдері, ойындарымен таныстырып өтті.
Балалар жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, сайыстар мен ойындарға белсене қатысты. «Сәттілік» ойынында сандықтағы асықтың түсіне қарай сұрақтар болды. Қызыл түсті асық – ұлттық киімдер, жасыл түсті асық – ұлттық тағамдар, ақ түсті асық – тұрмыс-салт бойынша сұрақтар қойылды. «Теңге алу», «Көтермек», «Арқан тарту», «Қол күрестіру» сияқты ойын түрлері ойнатылды. Барлықтарына бауырсақ таратылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар берілді. Наурыз мейрамында Қыдыр атаны тосу дәстүрі бар. 2 сыныптың оқушысы Кислов Матвей Қыдыр ата болып бата берді. 26 адам қатысты.