Мамандық таңдау – жауапты іс

3 наурыз  күні № 15 көпшілік кітапханасы облыстық көп бағдарлы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар  күнін өткізді. Шара жүргізушілері Рахымғалиева Лида Төлеповна  мен Қабылова Әйгерім Барлыкхановна  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы айта келіп, қонақтармен таныстырды. Олар…

Толығырақ

Қиялгер жазушыға арналған кеш

2 наурыз күні №2 балалар кітапханасында №42 мектептің 4 «В» сыныбының оқущыларына  Ж. Верннің 190 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: ғылыми-фантастикалық роман жанрының және шытырман оқиғалы романның негізін қалаушылардың бірі — танымал француз жазушысы Жюль Верннің  кітаптарын насихаттау. Кітапханашы Корюкина Любовь Павловна…

Толығырақ

Алғыс айту күніне арналды

№1 емханадағы акт залында №10 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана кеңістігін кеңейтеді» атты бірлескен жобаның аясында медицина қызметкерлері үшін поэтикалық шашу екі тілде өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Павлодар облысының 80 жылдығына арналды. Шараны жүргізгендер — Магмурова Т. Т. және Пихлик Н. И.…

Толығырақ

Өзін-өзі тану сабағы

1 наурызда №6 балалар кітапханасының қызметкерлері «Сауран» клубының балаларына Алғыс айту күніне арналған «Мейірімділік пен сүйіспеншілік жолы» атты өзін-өзі тану сабағын өткізді. Мақсаты: балалардың адамгершілік құндылықтары туралы түсінік-терін кеңейту. Жүргізуші алғыс айту күні туралы айта келіп, балалардың назарына «Рахмет» атты бейнеролик ұсынды. «Мейірімділік» сөзінің мағынасы талданып, оған лайықтылар анықталды.…

Толығырақ

«Тәуелсіздік дәуірі» — жаңа тарих шежіресі

28 ақпанда Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында жергілікті мектептің 7 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы әңгіме өткізілді.  Кітапхана меңгерушісі Күлжан Абдрахманқызы Кукентаева кітап туралы кеңінен әңгімеледі. Тарихи туындыда егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі…

Толығырақ

Өлке тарихына арналды

27 ақпанда Павлодар ауылының көпшілік және балалар кітапханаларының қызметкерлері ауыл тұрғындары мен жергілікті мектептің 5-сынып оқушыларына Павлодар облысының 80 жылдығына арналған өлкетану сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың туған өлке туралы білімін тереңдету; Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Оқу залында туған жерге арналған тұрақты кітап көрмесі жабдықталды. Шараға ауыл әкімі…

Толығырақ