«Мектепке жол»

Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастауымен «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысып, №5 ЖОББМ аз қамтылған отбасы оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсетті.

Қымбатты оқушылар студенттер, оқытушылар, ата-аналар!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Комментарии запрещены.