Өз елін сүйіп ақын болды

17 қазанда № 21 ЖОББМ   6 «д» сыныптың  оқушыларына «Өз елін сүйіп ақын болды» әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты: ақын Қалижан Бекхожиннің шығармашылығымен таныстыру.

Әдеби сағат атақты ақын, драматург, аудармашы Қалижан Бекхожиннің шығармашылығына арналды. Шараны № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Райхан Жаужүрекқызы  Жакиянова өткізді. Жүргізуші әңгіме барысында оқушыларды ақынның өмірі мен  шығармашылығымен таныстырды. /слайд көрсету арқылы/

Қазақ халқының дарындары тұлғалары туралы «Орман қызы» атты тұңғыш поэмасы 1938 жылы республикалық бәйгеде жүлде алды. Ұлы Отан соғысында біздің елдің адамдары адамзат тарихында бұрын-соңды кездеспеген ерліктің неше алуан үлгілерін көрсетті. Сондай ғажайып ерліктің бірі – 1941 жылғы 16 қарашадағы Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезіндегі 28 панфиловшы-гвардияшылардың немістің 50 танкісіне қарсы шайқастағы тіл жеткісіз батырлығы болғаны тарихтан мәлім. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ біздің жауынгерлердің осы тарихи ерлігіне арналған лирикалық та, эпикалық та туындылар көптеп жарық көре бастады.

«Мәриям Жагорқызы» – шын мәніндегі эпикалық, сюжетті поэма. Поэмадағы сюжеттік желінің негізі – кейіпкерлер өмір сүрген қоғамдағы әлеуметтік тартысқа құрылған. Қалижан Бекхожинның көптеген өлеңдер жинағы орыс тіліне аударылып, Мәскеуде жарық көрген. Қалижан Бекхожинге арналған ескерткіш жайлы айтылды. Шара виртуалды кітап көрмесіне шолумен аяқталды.Қатысқандар саны: 20 адам.

Комментарии запрещены.