Әдеби сағат «Уақытты жеңген , Талант»

2018 жылы 12 қазанда № 6 балалар кітапханасы С.Торайғыровтың 125-жылдығына орай, 3-ші  сынып  оқушыларына «Уақытты жеңген,Талант» атты әдеби сағат өткізді.

Жүргізуші-кітапханашы Нағима Бекбулатқызы  Ақшолақова  балаларға  жазушы-философ, ақын-демократ және әдеби сыншы, 20-ғасырдың жарқын жұлдызы  жайында әңгімелеп берді. С.Торайғыровтың өмірбаяны жөнінде видеоролик көрсетілді. №43 мектептің оқушылары ақынның шығармаларынан туындылар оқыды. С. Торайғыровтың шығармашылығы атамекенге деген шынайы махаббатты, адамдардың ойларын болашаққа бағыттау болып табылды. Оқушылар  ақынның сезімін өлеңдері арқылы оқырманға жеткізе білді. «Қамар сұлу» буктрейллерін көргеннен соң, шығарманы ауқымды әңгімелеу басталып, әйел құқығын қорғау, заңсыздыққа қарсы ережелерді талдау жүргізілді.

Әдеби сағаттың соңында  оқушыларға «Жан дүниесі кең талант» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Шара балалардың көңілінен шығып, С. Торайғыровтың шығармашылығына деген үлкен қызығушылық тудырды деп айтуға болады. Қатысушылар саны: 23 адам.

Комментарии запрещены.