3 мамырда П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана әскери мектеп-интернаттың және машинажасау колледжінің шәкірттеріне «Ол күндердің өшпес даңқы» атты әдеби қонақжай өткізді. Ол Жеңіс күніне және жерлес Совет Одағының Батырлары Сергей Алексеевич Елистратовқа, Михаил Максимович Катаевқа, Иван Назарович Кудинге, Максим Иванович Милевскийге, Серікбай Мүткеновке, Василий Васильевич Степаненкоға арналды. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының қасиетті жерлеріне арналған бейнероликті көрумен басталды.
Шараны жүргізген кітапханашылар Махаббат Кобжасаровна Мазуренко мен Ақмаржан Дамысовна Дамыс соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды. Бұдан кейін олар әрбір жерлес батырға тоқталды.
Кітапхананың қонағы, «Қазақстан алюминийі» кәсіпорнының қызметкері, ақын, «Майдан жолы» іздеу отрядының белсенді мүшесі Рафаэль Шамильевич Мухамеджанов отряд құрамында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың сүйегін қалай іздегендері туралы айта келіп, өзінің патриоттық тақырыпқа жазған өлеңін оқып берді. Бард әнші Вячеслав Александрович Кухарев, музыка мектебінің оқушылары Иван Жуков пен Әділ Бекмұрат бірнеше ән орындады.
Шара соңында Бауыржан Момышұлының шығармасы бойынша буктрейлер көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. 45 адам қатысты