Ойыншықтарға арналған мереке

12 маусымда П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада №28 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға ойыншықтарға арналған калейдоскоп өткізілді. Шара өткен коворкинг-орталықта балалар әні ойнап тұрды. Келгендердің назарына павлодарлық ісмер Наталья Сафронованың жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Шараны жүргізген кітапханашылар Айгүл  Екбындиевна Жүрсінова мен Наталья Николаевна Чирикова жиналғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы каникулдың басталуымен құттықтап, жазда қандай қызықты істермен айналысуға болатыны туралы айта келіп, шешуі тек ойыншықтар болатын жұмбақтарды шешуге шақырды.

Қолөнер шебері Н.Сафронова өзі жасаған қуыршақтар туралы айтты, балалар мен үлкендердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шарада балалардың қолдарының ептілігіне құрылған конкурс өткізілді. №1 музыка мектебінің оқушылары ән шырқады. Асфальт үстінде «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына сурет салу конкурсы өткізілді. 42 адам қатысты.

 

Комментарии запрещены.