«Объединениеден» «Звезда Прииртышьяға» дейін

«Объединениеден» «Звезда Прииртышьяға» дейін

Осыдан тура 105 жыл бұрын 7 сәуір күні «Объединение» кеңес уездік газеттің ең алғашқы нөмірі жарыққа шығыпты. Міне, бүгінгі «Звезда Прииртышья» газетінің ең алғашқы тарихы осы күннен бастау алады. Осы уақыт аралығында түрлі өзгеріске ұшыраса да, басты байлығы — оқырманын жоғалтқан емес.

Газет 1918 жылдың 7 сәуір күні алғаш рет «Объединение» деген атаумен оқырман қауымға жол тартқан еді. Кейін «Голос степи», «Известия Павлодарского ревкома», «Красный Павлодар», «Большевик», «Советская деревня», «Колхозный путь», «Большевистский путь», «Павлодарская правда» деген атаулармен жарық көрді. Ал 1963 жылдан бүгінгі күнге дейін «Звезда Прииртышья» деп аталып келеді.

1918 жылдың 7 сәуірінде бүгінгі «Звезда Прииртышья» газетінің «Объединение» деген атаумен бірінші саны жарық көріп, редакторлығына шіркеу-приход училищесінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Павел Захарович Ермаков тағайындалған екен.

Бұл басылымның таралымы әуелде 750, сосын 1025, 1925 жылы 2000 дана болыпты.

Губерниядағы барлық уездік газеттердің кірісінен шығысы көп болғандықтан, аталмыш басылым да жабылады. Оның соңғы нөмірі 1925 жылы 13 қарашада шыққан. Бір қызығы, 1925-1928 жылдар аралығында Павлодарда бір күндік басылымдар жарияланып тұрыпты. Олардың арасында «10 лет Октября», «11 лет Октября», «День кооперации», «За заем индустриализации», т.б. бар. 1929 жылдың 1 қаңтарында кеңестік алтыншы «Советская деревня» деген газет шығыпты. Жұмысшылар клубының ғимаратында қалалық партия-комсомол және кәсіподақ активінің жиылысы өтіп, онда басылымды мазмұнды шығарудың мәселесі қаралған екен.

Бұл газет орыстың «Советская деревня» газетімен қатар шығып тұрған. Бастапқыда бұл басылымдар апталық болса, кейін аптасына 2 рет жарияланған. Орыс газеті 1930 жылдың ақпанынан бастап атауын «Колхозный путь» деп өзгертті. Бұл округтік кейін Павлодар аудаңдық партиясы мен аудандық атқару комитетінің органы болды. 1930 жылы 25 тамызда «Колхозный путь» газетінің редакторы болып, И.Бушуев деген тағайыңдалган екен. Облыстық орыс тіліндегі басылымда әр жылдарда белгілі жазушы-қаламгер, екі мәрте КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері болған А.Суров, жазушы, өлкетанушы И. В. Маслов еңбек еткен.

1948 жылы 5 мамыр — Баспасөз күні «Большевистский путь» газеті өзінің 30 жылдығын атап өтіпті, сол жылы Павлодар облысының құрылғанына 10 жыл болды. Бұл мерейтойды облыстық драма театрында журналистер мен меншікті тілшілер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар атап өткен екен.

1953 жылы 18 сәуірде газет атауы өзгеріп, «Павлодарская правда» деп аталып, 10 жыл шығып тұрды. 1954 жылдың 1 маусымында бүған дейін бір парақ (2 бет) болған басылым енді 4 беттік болды, форматы өзгерді. Сонымен бірге орыс журналистері әдеби орта қалыптастырып, жас ақындардың, шығармашылықпен айналысатын адамдардың туындылары жариялана бастады.

105 жыл бойы өңір жылнамасын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласын, коғамдағы өзгеріс-жаңалық атаулыны үзбей жариялап, тарихи оқиғаларға да маңыз беріп келе жатқан облыстық газеттің өзі бұл күнде үлкен тарихқа айналыпты. Басылымда әр жылдарда В. С. Молотов, В. Шевченко, С. Музалевский, B. Воронов, В.Ступак, В. М. Онухов, C. П.Шевченко, П. И. Оноприенко, В. Г. Семерьянов, О. Григорьева,  И. Волкова, Ю. Д. Поминов, О. Фролова, И. А. Лисовская, т.б. ондаған білікті тілшілер жемісті еңбек етсе, олардың арасыңда тәжірибелі журналистер әр жылдарда шығармашылықтарын өрбітіп, кітаптар да жазды. Бұл ретте көп жылдар газетті басқарып, жемісті еңбек еткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Юрий Поминов «Просто жизнь…» атты бірнеше кітабын жарыққа шығарғанын атап өту керек.

1968 жылдың сәуір айында «Звезда Прииртышья» «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Газет фототілшісі Владимир Бугаев ұлттық журналистік  жоғары марапат «Алтын Жұлдыз» сыйлығына ие болған.2012 жылдан бас редактор Владимир Владимирович Долгушев «Звезда Прииртышья» газетін басқарып келе жатыр. Владимир Долгушев Ресейдің Омбы мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алды. Оқуын тәмамдаған соң туған жері – Павлодарға оралды. Басылыды басқаруға келген В. Долгушев: « Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік еді. Себебі жақында ғана жарыққа шыға бастаған жастар газеті мен ғасырға жуық тарихы бар облыстық басылымды басқару – екі бөлек дүние. Бағыты да, оқырмандары да бөлек. Басқасын былай қойғанда, журналистика саласының майталманы, бірнеше кітаптың авторы Юрий Поминовтан кейін редактор болудың өзі – ауыр жүк әрі зор міндет, — дейді редактор. В.Долгушев 10 жылдан аса уақыт аралығында сол міндетті абыроймен атқарып келеді. Ол басшылыққа келгелі басылымның бірінші және соңғы беттері түрлі-түсті болып шыға бастады, газеттің сайты іске қосылды, жаңа жобалар мен айдарлар пайда болды. Ақпараттық агенттіктер дамыған қазіргі уақытта да газет көлеңкеде қалып қойған жоқ. Өз оқырмандарын жоғалтып алмас үшін тың идеялар іске асуда. Мәселен, «Добро пожаловаться» айдарында тұрғындарды толғандырған сауалдар мен оларға жауап жарияланады.

— Қоғамда «газеттің болашағы бұлыңғыр» деген пікірлер жиі қылаң береді. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Жаңалықты смартфоннан және газеттен оқудың арасы жер мен көктей. Сараптамалық материалдарды, жан-жақты  жазылған  зерттеу мақалаларды, қысқасы тереңге бойлайтын дүниелерді оқуға құмар адамдар барда газет «өлмейді». Әрине, біз де заман ағымынан қалыс қалмауға тырысып, оқырмандардың соңына ілесіп, әлеуметтік желілерге көштік. Жаңалықтарды ресми парақшада бөлісіп, әр түрлі байқаулар ұйымдастырып, оқырмандарды баурауға барымызды салып келеміз. Бұл ретте басылымда ұрпақтар сабақтастығының үзілмегенін атап өткен жөн. Юрий Поминов, Алтынгүл Сағитова құрметті демалысқа шықса да жазудан қол үзген жоқ. Олардың соңынан ерген Айдана Ертай, Кристина Кохно, Наталья Зинченколар алдыңғы буынның тәжірибесінен сабақ ала отырып, газетке жаңа леп әкелді, — дейді редактор. В.Долгушев журналистерді «қоғамның санитарлық қызметкерлеріне» теңейді. Тілшілер қоғамда болып жатқан жағдайларды айна ретінде көрсетіп, ақпараттарды шынайы, мәселелерді жан-жақты жеткізе білуі тиіс деп пайымдайды.

— Қандай да бір проблеманы жазар болсаң, оның шешілуіне үлес қосуың керек. Әйтпегенде, мәселені көтерудің не керегі бар? Сондықтан журналистерді бұл әлемді жақсы жаққа өзгертуге талпынатын  мамандар десем, артық айтқандық емес, — деп ойын түйіндейді басылым басшысы.

«Звезда Прииртышья» ақпарат таратумен ғана шектеліп қалмай, түрлі жобаларды қолға алды. Мәселен, редакцияның  бастамасымен Павел Васильев атындағы әдеби бірлестік құрылып, 66 жыл бойы жұмыс істейді. 1985 жылы Қазақстан мен Ресей туристерінің достығы ретінде «Ертіс меридианы» слеті бастау алған болатын. Әлі күнге дейін жыл сайын  Баянауыл  ұлттық табиғи  паркінде қос елдің ондаған командасы мен бард әншілер жиналып, спорт пен өнерде бәсекеге түседі. 2005 жылы Шафер музей-үйі және П.Васильев атындағы  әдеби  бірлестікпен  бірге Мария, Анастасия  Цветаевалардың өмірі мен шығармашылығына арналған «Цветаевский костер» әдеби-музыкалық кешін ұйымдастырды. Содан бері бұл шара жыл сайын өтеді.

«Звезда Прииртышья» облыстық газетінде уақыт талабына сай өзгеріс, жаңалықтар көп. Айтар ойы салмақты, заманауи дизайнмен  әдептелгенген газеггің апталық таралымы 15 мыңнан асады. Басылымда заң, қоғам, спорт, құрылыс, экономика, мәдениет, т.б. тақырыптарды қамтитын айдарлар мен арнаулы беттер, бапалар шығармашыпығына арналған, шыға бастағанына биыл 22 жыл толған «Домовенок» беті және көпшілікке ой саларлык, мәселе көтерген материалдар жиі шығып турады. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің жасампаз істерге толы шежіресін жазу ісіне бұл басылым да сүбелі үлес қосып келеді. Редакцияның қазіргі құрамында ондаған жылдар журналистика саласында еңбек еткен А.Сағитова,  В. Гегер,  С. Горбунов,  Ю. Поминов,  В. Бугаев,  ұзақ жылдар корректор болып келе жатқан Г. Марченко,  қаламы өткір И. Волкова, Г. Егорова, шолушы М. Кисенко, Р. Логинов, тілші А. Уралова, Н. Зинченко, К. Кохно, Ә. Шаяхметов,  беттеушілер А. Логинова,  О. Резванова,  А. Вреднее,  теруші Ғ. Торғаева жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі күні басылымның басты мақсаты — мақалалардың сапалылығы, дәйектілігі мен ақпаратты тез жеткізу. Бұл ретте газет мәлімет көзі ғана болып қалмай, оқырманның досы мен кеңесшісіне айналуды да көздейді.

Шығармашылық шабыт артып, оқырмандар қатары көбейе түссін! Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында ел мұратына  негізделген шығармашылың үрдіс жалғасын тауып, қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітаптар

Книга Тереник М. С. «Печать в Павлодарском Прииртышье»

по истории местной русско-язычной прессы посвящена 70-летию Павлодарской области и 90-летию «Звезды Прииртышья», начало которой было положено 7-го апреля 1918 года 1-ой советской газетой «Объединение». За полвека жизни в Павлодаре автором собран большой материал по истории Павлодара. В первые годы советской власти губернские и уездные газеты рассылались в 13 пунктов страны, что позволило восполнить дефицит местной печати (в Павлодаре сохранились не все ранние газеты в полном объеме). Временные рамки книги ограничены годами: 1917-1963. В ней дается информация о девяти советских газетах — предшественниках «Звезды Прииртышья», а также кадетско-эсеровской — «Свободная степь» и эсеровской — «Голос степи». В виду того, что к юбилею «Звезды Прииртышья «ее редакцией была издана книга — «Звезда судьбы моей» (объем 272 стр., тираж 500 экземпляров), автор доводит свое повествование до 1 мая 1963 года, когда «Павлодарская правда» получила новое название, которое остается без изменения уже пятое десятилетие.

Книга Поминова Ю. Д. «Звезда судьбы моей» От Объединения до Звезды Прииртышья 1918-2008 гг. Посвящена 90-летнему юбидею старейшей газеты в области – «Звезды Прииртышья». В ней собраны исторические материалы, воспоминания журналистов, архивные и современные снимки. Эта книга – попытка строкой представить не только историю газеты, но и историю нашего сложного, противоречивого временни.

Поминов, Ю. Д.

Звезда судьбы моей. От Объединения до Звезды Прииртышья 1918-2008 гг.

— Павлодар: Дом печати, 2008. — 272 с.

 

Книга Поминова Ю. Д. «Просто жизнь» стала продолжением его известной трилогии “Хроника смутного времени”. В этой книге автор рассказывает без прикрас о светлом и мрачном времени, о жизни — такой, какая она есть.

Поминова Ю. Д: С тех пор как жизнь начала на меня давить и я не находил ответов на свои вопросы, я пытался размышлять об этом на бумаге. Иногда это помогало мне снять напряжение, иногда нет, вопросы так и оставались открытыми. Сначала я делал записи, не думая, что когда-нибудь к ним вернусь в таком проекте. Затем, лет через десять, когда я стал их перечитывать, понял, что это такая мозаика уходящей жизни, достоверная и многоплановая. Я подумал, что она может быть интересна и другим людям. Эта книга — жизнь во всех ее проявлениях, у разных людей и в разных точках земного шара, этим она мне и дорога. Я описываю не только какие-то выдающиеся события, но и то, что можно назвать мусором эпохи.     Поминов, Ю.  Д.

Блёстки :- 3-е изд. и доп. — Павлодар: Дом печати, 2020. — 308 с.

 «Блёстки» – короткие лирические миниатюры и новеллы, создающие яркую палитру жизни; публиковались в казахстанских газетах, журналах «Простор» и «Нива», в альманахе «Южная звезда» ростовской писательской организации, в книгах Ю. Поминова «Помню и люблю», «Характеры», «Живу». Новая книга отличается тем, что полностью составлена из «блесток» — частью уже публиковавшихся, а в большинстве своем еще неизвестных читателю.

[collapse]
Әдебиеттер

Әдебиеттер:

Звезда Прииртышья // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – 10 т. – Алматы, 2002. – 4 т. – 182 б.

***

Әділбек, А. Тарих беттері парақталды: [Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану   музейінде облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің 95 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті] / А. Әділбек // Сарыарқа самалы.  — 2013. — 18 сәуір.  — 24 б.

«Звезда Прииртышьяға» — 99 жыл!: [7 сәуір күні Павлодар облыстық «Звезда     Прииртышья» газетінің жарық көргеніне 99 жыл толды] // Сарыарқа самалы.  — 2017.  — 8 сәуір.  — 13 б.

Аяғанов, М. «Журналистер үйі» ашылды: [Павлодар қаласында «Журналистер       үйінің» тұсауы кесілді] / М. Аяғанов // Сарыарқа самалы.  — 2017.  — 28 желтоқсан.  — 1 — 2 б.

Баязитов, С. Қуатты қаламгер: Жазушы Ю. Поминов туралы / С. Баязитов // Найзатас. — 2018.  — № 1. — 90 — 101 б.

Молдайып, С. Газеттің ғасыр ғұмыры: [7 сәуір күні Павлодар облыстық «Звезда  Прииртышья» газетінің жарық көргеніне 100 жыл толды] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. — 2018.  — 5 сәуір. — 20 б.

100 жасаған басылым: [облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің ұжымы 100       жылдық мерейтойын атап өтті] // Сарыарқа самалы. — 2018. — 17 сәуір. — 8 б.

Дәуенов, Е. «Ақпарат адамды іздемейді…»: [облыстық ішкі саясат  басқармасының  басшысы  Е. Дәуеновтың ақпараттық технологиялар туралы әңгімесі] / Е. Дәуенов // Сарыарқа самалы. — 2018. — 4 қазан. — 5 б.

Тілектесқызы, Қ. Жүлдегер атанды: [«Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» халықаралық шығармашылық байқауының жүлдегері облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің журналисі Әлішер Шаяхметов] / Қ. Тілектесқызы // Saryarqa samaly. — 2019. — 10 желтоқсан. — 12 б.

Төлебай Махаббат. Ұтыс жеңімпаздарына — сыйлық!: [«Saryarqa samaly» және    «Звезда Прииртышья» газеттерінің жазушылар арасында өткен «Жазыл да, ұтып ал» шарасының қорытындысы] / М. Төлебай // SARYARQA SAMALY.  — 2023.  — 16 ақпан.  — 22 б.

Тілектесқызы, Қ. Жаңашыл редактор: [Облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы Владимир Долгушев жайлы] / Қ. Тілектесқызы // SARYARQA SAMALY.  — 2021.  – 26 маусым.  — 4 б.

[collapse]

 

 

Комментарии запрещены.