«Нұр-Сұлтан – арман қала» мерекесі

5 шілде күні Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері кітапханадан тыс «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медико-әлеуметтік мекемесі» КММ-ндегі тұрғындары үшін Қазақстан астанасының туған күніне арналған «Нұр-Сұлтан – арман қала» мерекесін өткізді. Мақсаты: халықтың бос уақытын ұйымдастыру.
Жүргізушілер – кітапханашы Лавриненко Людмила Андреевна мен мекеменің мәдени ұйымдастырушысы Бибігүл Тукеновна барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады; 1830 жылдан бастап өзінің кері санағын жүргізіп келе жатқан, осы қаланың қалыптасу тарихын айтып бергеннен кейін, құттықтау сөзі мекеме директоры Косдаулетова Айман Мухамедкалымовнаға берілді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы астанамыздың атауын Алматыдан Ақмолаға көшіру жөнінде шешім қабылдағаны туралы мәліметті шара қонақтары бар ынталарымен тыңдап отырды. Ол қаланың ірі көлік жолдарының қиылысында елдің ортасында тиімді орналасуымен, қажетті көлік пен телекоммуникациялық инфрақұрылымның және астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен байланысты болды. Бірақ, ең басты себебі, бұл – мемлекеттік жаңартуды көрсетудегі қажеттілік.
Іс-шараның сәні концерттік бағдарлама болды: жүргізушілер астана туралы және Отанға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқыды; «Рябинушка» вокалды топ тыңдаушыларына арнап «Астана кеші», «Аист», «Арыс жағасында», «Үш қоныр», «Родительский дом», «Калина» және т.б. өлеңдерді орындады. Шара соңында қатысушыларға денсаулық пен бақыт тілеп, Қазақстан астанасының өркендей беруіне ізгі ниеттерін айтты. Және «Астана» өлеңін барлығы бірге орындады. Қатысушылар – 60 адам.

Комментарии запрещены.