«Ел жүрегі-Астана» ойын бағдарламасы

5 шілде күні сағат 11.00-де Астана күні мерекесіне орай №3 көпшілік кітапханада «Ел жүрегі-Астана» атты ойын бағдарламасы өтті. Іс-шараға 32 мектеп лагердің жас оқырмандары қатысты. Шара басында кітапханашы қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, Астананың тарихы мен көрікті жерлері туралы әңгімеледі. Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизм мен өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ету, оқушылардың Астана туралы ой-өрісін кеңейту. Ойын турына іріктеу турының сұрақтарына дұрыс және бірінші болып жауап берген балалар шықты. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде Астананың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік аспектілері туралы әдебиеттер ұсынылды. Барлығы 13 адам қамтылды.

Комментарии запрещены.