«Нұр шашқан күндер». Кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай кітапханамызда «Нұр шашқан күндер» атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл күн – өмір жолы өнегеге, еңбек жолы ізгілікке толы аға буынға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалайтын ерекше мереке. Кездесу барысында кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге жылы лебіздер айтылып, естеліктермен бөлісілді. Кеш қонақтары кітапханадағы еңбек жылдары, әріптестері мен қызықты сәттері туралы сыр шертіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін жеткізді. Ардагерлеріміздің әрбір сөзі – кейінгі буынға үлгі, әрбір естелігі – кітапхана тарихының бір бөлшегі.















