28 қыркүйекте №43 орта мектебінің 8 сынып оқушылары үшін «Ақын. Азамат. Саясатшы.» атты тақырыптық сағаты өткізілді. Кітапханашы биыл 90 жасқа толған ақын О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. О. Сүлейменов әдеби қызметімен қатар қоғамдық және саяси қызметпен де айналысты : «Невада-Семипалатинск» Халықаралық экологиялық ядролық қаруға қарсы қозғалысының, «Қазақстан халық конгресі» партиясының көшбасшысы, Қазақстанның Италиядағы Елшісі, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, КСРО және Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Оқушылар «Арғамақтар»,» Жер, адамға тағзым ет», «Нан жұмағы» және т.б. өлеңдерінен үзінділер оқып, викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, бейнеролик көріп, автордың өзі өлеңдер оқығанын тыңдап, кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарды қарады.
















