«Не? Қайда? Қашан?»

2 ақпан күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері № 25 ЖОББМ 4 «Б» сынып оқушыларына Баян-Ауыл округының аға сұлтаны Шорман би Күшікұлының 225 жылдығына арнап «Не? Қайда? Қашан?» танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында балалар қызығушылықпен «Әділдіктің жаршысы» атты деректі фильмін тамашалады. Кітапханашы оқып берген «Шорман би-Бала би» қысқа оқиғаларды мұқият тыңдады. Кітап көрме дайындалды. Көрмеге кітаптармен қатар Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті ұсынған әйгілі жерлес тұлғалар туралы деректі фильмдердің дискілері қойылды. Берілген мәлімет бойынша құрастырылған «Сандықтағы сұрақтар» ойынына қатысып, балалар алған білімдерін бекітті.

Комментарии запрещены.