«Кірпі деген не және ол неге ұқсайды?»

2 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Arcus» клуб үйінің «Альрами» даму орталығының мүшелері үшін «Кітап көмекке асығады» жобасы аясында кірпі күніне арналған «Кірпі деген не және ол неге ұқсайды?» атты танымдық сағаты өткізілді, Кітапханашы орман тұрғындарының тіршілігі, кірпі қандай жануар екені туралы айтып, «Қарапайым кірпі» бейнеролигін көруді ұсынды. Әрі қарай бағдарламада: «Кішкентай кірпі» дене шынықтыру минуты, «Кірпіні тап» ойыны ,«Орман тұрғындары» туралы жұмбақтарын шешу, «Сүйкімді және күлкілі кірпілер», «Кірпі алудың 10 себебі» бейнелерін көрсетті; «Кірпі жаса» байқауы, «Кірпі, кірпі» әндерін бірлесіп орындау. Іс-шара соңында кітапхана қонақтары кірпі туралы «Кірпі», «Біз апельсинді бөлістік», «Кірпіге арналған ем», «Кірпі мен қыз» мультфильмдерін тамашалады.

Комментарии запрещены.