Мысық туралы не білеміз

29 маусымда Ленин кентіндегі №5 балалар кітапханасының коворкинг-орталығында үй жануарларына, оның ішінде мысыққа арналған ойын бағдарламасы өткізілді. Мысық болып ойнаған балалар жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, мысықтың түрлі бейнелерін көрсетті. Балалар өздері асырап отырған мысықтарының түрлі қылықтары туралы әңгімеледі. Кітапханашы Б.Г.Елемесова үй жануарлары, оның ішінде мысықтар туралы әдебиеттерге шолу жасады. Шара соңында «Кот Леопольд» атты мультфильм көрсетілді. 11 адам қатысты.

Комментарии запрещены.