«Ғасырлар үні» домбыра Party

30 маусымда №10 көпшілік кітапханасының коворкинг-орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ғасырлар үні» атты шара өтті.

Оған кітапхананың оқырмандары мен қайырымдылық клубының мүшелері шақырылды. Шараны қазақ және орыс тілдерінде кітапхана қызметкерлері Т.Т.Мағмұрова мен Н.И.Пихлик жүргізді. Жиналғандар пікір алмасу барысында Ұлттық домбыра күні ұлттық мәдениетімізді жаңғырту жолындағы ірі қадам екенін баса айтты.  Осы жылдың 13 маусымы күні Елбасы жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі республика көлемінде атап өтілетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы маңындағы таулардағы «Майтөбе» үстіртінде табылған домбыра бейнесіндегі бұдан төрт мың жыл бұрынғы жәдігерлердің сақталып қалған нұсқалары бұған дәлел. Қос шектің құдіретімен дала сазы мен бүкіл болмысы, ат тұяғының тарсылы, көнекөз қариялардың бір қалыпты тәлімді үні мен той-думанның шаттыққа толы дүбірі естілгендей болады.  Бейнебаян жүргізушілердің сөзін толықтыра түсті. Талантты күйшілер Танабасов Асанәлі мен Кенжебаева Ляззат Нұрлановна бірнеше әсем күй тартты. 2018 жылғы 1 шілдеде туған барлық балаға бір-бір домбырадан сый жасалатыны күтпеген жаңалық болды. Шара соңы шай дастарқанымен жалғасты.  14 адам қатысты.

Комментарии запрещены.