«Менің туған елім – Тәуелсіздік Қазақстан»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 13 желтоқсанда М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында  №5 ЖОББМ оқушылары үшін «Менің туған елім – Тәуелсіздік Қазақстан» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы айтып берді. «Желтоқсан көтерілісі»  және оның құрбандары туралы толық ақпарат берді. Көтерілістің басталуының себебін және оған кім қатысқанын түсіндірді. «Тарих беттері бойынша» викторинасы өткізілді. Балалар викторина сұрақтарына жауап беріп, тарихи күндер, география, ҚР рәміздері мен Қазақстан жазушылары мен ақындарын жақсы білетіндіктерін көрсетті. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар Қазақстанның тәуелсіздікке апарар жолы туралы презентацияны тамашалады. Қамту — 30 адам.

Комментарии запрещены.