«Махаббат жыршысы»

13.12.2022 ж. Орталық қалалық кітапханасыныда Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың  туғанына 100 жыл (1922-2011) «Махаббат жыршысы» әдеби сағаты  өтті. Аталмыш шараға зиялы қауым мен БАҚ өкілдері және Павлодар педагогикалық университетінің Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің  қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 2-курс студенттері мен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінің суденттері қатысты. Кештің негізгі бөлімінде зиялы қауым мен БАҚ өкілдері жауынгер – жазушының өмір жолы мен шығармашылғына тоқталып өтті. Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлы жазушы Әзілхан Нұршайқовпен кездесіп, «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына қол таңбасын қойдырып,  жазушымен кездескенде алған әсері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Әзілхан Нұршайқовтың шығармаларынан студенттер монологы мен арнауларын оқыды. Кітапхананың оқу залында «Жазушы мұрасы – халық жадында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнефильм көрсетілді.

Комментарии запрещены.