«Мен осы қалада тұрамын» слайд сұрақ-жауабы

11 шілдеде № 3 балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарына қала күніне орай «Мен осы қалада тұрамын» слайд сұрақ-жауабы өткізілді. Қатысқандар 12 адам.

Кітапханашы балаларға қаланың тарихымен таныстырды. Павлодардың арғы бабасы – Коряковский пошталық бекінісі ақ басты Ертістің жағасында  1720 жылы бой көтерді. 1838 жылы бекініс сол аттас станция болып, ал 1861 жылы штаттан тыс Павлодар қаласы ретінде қайта құрылды. Бүгінгі Павлодар ең ірі өнеркәсібі дамыған мәдени орталық. Ары қарай балаларға Ольга Григорьеваның «Павлодар Әліппесі»  кітабы бойынша «Павлодар біздің ортақ үйіміз»  слайд-презентациясы көрсетілді. Балалар  Павлодар, Баянауыл, Усолка, туған өлкеміз туралы өлеңдерін оқыды. «Мен осы қалада тұрамын» слайд сұрақ-жауабы өткізілді. Шара  «Мың түрлі бояулар қаласы» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Комментарии запрещены.