«Әлеуметтік жетімдіктің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Жәбірленушілерді зорлық-зомбылықтан қорғау» дөңгелек үстел

18 шілде күні сағат 11.00-де Ленин кенті тұрғындарының әлеуметтік осал топтары үшін №3 көпшілік кітапхананың коворкинг-орталығында құқықтық-ақпараттық сипаттағы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға: Балалары әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығының орынбасары Бельгибаева Фарида Шарапқызы қатысты. Іс-шараға әр түрлі жас санатының өкілдері қатысты, барлығы 20 адам құрады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, басқа зорлық-зомбылық мәселелері қаралды, «Жас отбасы мектебі» атты кеңес өткізілді. Полиция майоры Б.Е.Тұрсаринова орталық жұмысының мақсаты мен негізгі міндеттерімен таныстырды. Шара соңында қатысушыларға қажетті ақпарат пен орталықтың байланыс телефондары жазылған буклеттер таратылды. «Заң саған және маған заң туралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.