«Мейірімді, даналық сөздер»

29 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері № 30 балабақша–бөбекжай бүлдіршіндеріне «Балалар кітабы апталығы» шеңберінде «Мейірімді, даналық сөздер» атты поэзия сағатын өткізді. Іс-шара жерлесіміз, ақын балалар жазушысы, журналист, өлкетанушы Мүбәрак Жаманбалиновтың  100 жылдығына арналды.  Шара барысында жүргізуші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Балаларға «Құпия сандық» жұмбақ шешу, «Кім шапшаң?» Жаңылтпаштарды жаңылмай тез айту, суретті  сөзжұмбақты шешу, «Мақал — сөздің мәйегі», «Иә және жоқ» сұрақ-жауап ойын, «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?», «Ойлан тап!» логикалық ойындары ойнатылды. Балалар ойындарға белсене қатысты және бүлдіршіндер ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында балаларға ақын.

 

Комментарии запрещены.