«Мәңгі өшпес жұлдыз»

04 қазан күні кітапхананың оқу залында № 21 ЖОББМ 7 «А» сынып оқушыларына қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Мәңгі өшпес жұлдыз» танымдық сағаты өткізілді.
Жүргізуші ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Қамар сұлу» романы туралы айтылды. Оқушылар «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Оқып жүрген жастарға» өлеңдерін оқыды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.