«Алтын алаштың ақиық ақыны — Мағжан»

2023 ж. 2 қазанда № 8 балалар кітапханасында № 1 мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Алтын алаштың ақиық ақыны — Мағжан» атты шолу өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ой-өрісін арттыру, ақындар мен жазушыларға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Іс-шара барысында Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын тұсаукесерлер, бейнероликтер пайдаланылды. Балалар Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, оның шығармашылығының негізгі тақырыптарымен танысты, өлең оқыды.

Комментарии запрещены.