«Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы»

2 тамыз күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандарға «Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы» атты сол бір замандағы ел мұңын жақтаған шаруалар қозғалысының қайраткері әрі ақын – Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған ақпарат сағаты өткізілді.

Ақпарат сағатта, қоғам қайраткері, шаруалар қозғалысының күрескері әрі ақын Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, елі мен халқы үшін істеген ерен еңбектері, ақынның өлеңдерінің шығу тарихынан мағлұматтар беріліп, рухты жырлары «Қызғыш құс», «Мен, мен едім, мен едім» өлеңдері оқылды. «Махамбет – өр рухты ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылып, сұрақ-жауабы өткізілді.

Комментарии запрещены.