«Абай — дара, Абай — дана қазақта»

08 тамызда сағат 12-де Абай күнін мерекелеу қарсаңында №3 көпшілік кітапханада «Абай — дара, Абай — дана қазақта» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Жүргізушілер қазақтың ұлы ойшылы, ақын, композитор және философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» шығармаларын тыңдады. Домбырада орындалған ән-күйлер керемет көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында Абай шығармашылығы мен өмірін білуге арналған викторина өткізілді.

Комментарии запрещены.