«Мәдени мұра – асыл қазына»

11.02 күні №2 балалар кітапханасының оқу залында №8 шағын аудан ардагерлеріне арналып «Мәдени мұра – асыл қазына» ақпарат сағаты өтті. Шара барысында кітапхана қызметкері Алимгазинова Балзия Ерғалиқызы  кітапхана қорындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптармен таныстырды.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елімізде жарық көрген «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиеттану», «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы», «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ хандығының тарихы мен мәдениеті жөніндегі Қытай мұрағаттарының құжаттары» сияқты бірқатар еңбектер біздің кітапхана қорында сақтаулы.

Болашаққа рухани құндылық болып таралатын бұл тақырып бойынша кеңінен сараланып жазылған кітаптар топтамасы оқу залдары бөлімінде көп.

Барлығы 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.