«Бабадан қалған байлығым» атты  ақпарат күні

11 ақпан күні №10 көпшілік кітапхананың коворкинг орталығында «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында «Бабадан қалған байлығым» атты  ақпарат күні болып өтті. Шараға №17 мектептің 8-сынып оқушылары қатысты.

Іс шара басы 2004 жылдан бастау алып «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы мәлімет берілді. «Бабалар сөзі» сериясы бойынша шыққан әдебиеттерге шолу жасалынып өтті. Әр саланы қамтитын кітаптар арасынан, әсіресе әдебиет саласына көбірек назар аударылды. Халқымызға танымал лиро-эпостық жырлар туралы, фольклор жайында баяндалды. Мысалға, «Қобыланды жыры», «Қозы көрпеш Баян сұлу» жырларының көптеген түрлі нұсқауларына тоқталып өтілді. Арығарай шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында баяндалды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы мәліметтер берілді. Оқушыларды өз елінің тарихын кеңінен тани білу үшін, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның қасиетті орындары жайлы шыққан әдебиеттермен, еліміздің «бренд» болып табылатын, басқа елдерден ерекше өзімізге тән мақтаныштарымен таныстырылды.

Сонымен қатар биылғы жылдағы мерейлі тойлар А.Құнанбаевтың 175 жыл, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жыл, Алтын орданың құрылғанына 750 жылдығына орай құрылған көрмелермен таныстырылып, нақыл сөздері мен еңбектеріне, мемлекет құру барысында еңбегін сіңірген тарихи тұлғалар жайында мәліметтер берілді. Хандар, батырларды атап, қай кезеңдерде өмір сүргендігі, қандай елдік үшін шайқастар болғанын оқушылар айтып өтті. Тарих және әдебиет сабақтарынан өткен білімдерін ортаға салды.

Оқушылар арасынан Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, қара сөздеріне талдау жасады. Мектеп оқушыларын ертіп келген ПМУ-нің филология факультеті студенттері де шараға өз үлестерін қосты. 4 курс студенті Жазира Иляшқызы Абай атамыздың жетінші қара сөзін оқушыларға оқытып, өзі кеңінен талдау жасап берді. Кітапхана қызметкерлері қазіргі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған, болашақта оқу мен өнерге баулитын тәрбиелік мағынасын жоғалтпаған қара сөздерін оқуға, өлеңдерін жаттауға шақырды.

Республикалық акция «Бір ел бір кітап» акциясы жайында да мәліметтер берілді. Коворкинг орталығына алғаш рет келген оқушыларға бұл акция барысы түсіндіріліп, жоғарыдағы айтып өткен ұлы тұлғалардың мерейлі жастарына сәйкес келген жыл кітаптарымен таныстырылды. Жылдың таңдамалы кітабы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабына қысқаша мәлімет беріліп, мазмұнына тоқтап өтті. Көркем әдебиет тілінде ұлы тұлға – Әл- Фарабидің өмірі, мекен еткен ортасы, жасаған еңбектері, зерттеген ғылыми еңбектері жеңіл де қызықты болып жазылған. Шара соңы естелік суреттерге түсіп, коворкинг орталығымен кеңірек танысумен аяқталды.

Комментарии запрещены.