«Кітапхана – кітаптардың үйі»

5 қазан күні №96 балабақша бүлдіршіндері үшін «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» жобасы аясында «Кітапхана – кітаптардың үйі» атты кітапханалық серуен өтті. Экскурсия барысында балалар абонемент пен оқу залының не екенін біліп, «ертегілер жұмбақтарын» шешіп, «Иә-Жоқ», «Мейірімді-мейірімсіз», «Ертегіні есіне түсір» ойындарына қатысты. Балалар кітап-журналдарды…

Толығырақ

«Жыраудан жеткен жауһар жыр»

05.10.2023 ж. №7 Жалпы білім беретін мектепте Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай 10 «А» сынып оқушылары үшін «Жыраудан жеткен жауһар жыр» атты сазды қонақжай кеші өткізілді. Бұқар жыраудың мерейтойына орай мектеп оқушылары өлеңдер оқыды. Шара барысында «Он бір тілек тілеңіз» атты бейнесюжет…

Толығырақ

«Мәңгі өшпес жұлдыз»

04 қазан күні кітапхананың оқу залында № 21 ЖОББМ 7 «А» сынып оқушыларына қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Мәңгі өшпес жұлдыз» танымдық сағаты өткізілді. Жүргізуші ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Қамар сұлу»…

Толығырақ

«Алтын алаштың ақиық ақыны — Мағжан»

2023 ж. 2 қазанда № 8 балалар кітапханасында № 1 мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Алтын алаштың ақиық ақыны — Мағжан» атты шолу өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ой-өрісін арттыру, ақындар мен жазушыларға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.…

Толығырақ

«Өмірдің алтын күзі»

2 қазан күні №3 көпшілік кітапханасында Халықаралық қарттар күніне орай «Өмірдің алтын күзі» атты зейнеткерлермен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтау. Кітапхана ұжымы қонақтарға сый-сияпат жасап, дастархан жайды, ал зейнеткерлер өмірлік тәжірибелерімен ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Толығырақ

«Спандияр Көбеев – солтүстіктің інжу-маржаны»

2023 жылдың 2 қазан күні Орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері № 28 ЖОББМ 7-сынып оқушылары үшін жазушы, педагог, қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Спандияр Көбеев – солтүстіктің інжу-маржаны» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқтала келіп,…

Толығырақ