«Күзгі серуен»-3 қоңыр күз вальсі туралы ақпараты

18 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде  «Альрами» клуб үйі мүшелеріне арналған «Күзгі серуен» атты қоңыр күз вальсін өткізді. Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту; жыл мезгілдерімен таныстыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Шара «Алтын күз» мульт-өлеңінің бейнеролигінің қаралуымен басталды. Содан кейін жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна қатысушыларға тамаша жыл мезгілі – күз туралы айтып берді,  өлеңдер оқыды, жұмбақтар жасырды, қонақтармен бірге еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді.

«Альрами» клуб үйі тұрғындары шараның конкурстық ойындарына  өте белсенді қатысты. Олар: «Күзгі мотив» пен «Күзгі» сұрақ-жауаптары, «Ал, сіз білесіз бе?» блиц-сауалнамасы, «Жемісті тап», «Бақшада не өседі» ойындары және де т.б.

Олар қуана-қуана «Күз – ғажайып кезең» бейне-өлеңін «Антошка» әнімен «Карусель» мультфильмін тамашалады. Қоңыр күз вальсі «Мешок яблок»  мультфильмінің көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны — 26 адам.

Комментарии запрещены.