«Күзгі серуен-2» қоңыр күз вальсі туралы ақпараты

18 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде  №5 ЖОББМ-нің 1«В» сынып оқушыларына арналған «Күзгі серуен»-2  атты қоңыр күз вальсін өткізді. Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту; жыл мезгілдерімен таныстыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Шара «Алтын күз» мульт-өлеңінің бейнеролигінің қаралуымен басталды. Содан кейін жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна балаларға тамаша жыл мезгілі – күз туралы айтып берді,  өлеңдер оқыды, жұмбақтар жасырды, балалармен бірге еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді.

Оқушылар шараның конкурстық ойындарына белсене қатысты. Олар: «Күзгі мотив», «Ал, сіз білесіз бе?» блиц-сауалнамасы, «Ия-Жоқ» ойыны, «Жемісті тап», «Бақшада не өседі» тактильді ойыны, «Күзгі» виртуалды сұрақ-жауабы және т.б.

Олар қуана-қуана «Күз – ғажайып кезең» бейне-өлеңін «Антошка» әнімен «Карусель» мультфильмін тамашалады. Қоңыр күз вальсі «Мешок яблок»  мультфильмінің көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны — 32 адам.

Комментарии запрещены.