8 сәуірде «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» жобасы аясында И.А.Крыловтың 255-жылдығына орай №34 мектептің 2-сынып оқушыларына «Крылов атамыздың ертегілері» атты әдеби ойыны өткізілді. Балалар ұлы ертегішінің өмірі мен шығармашылығымен танысты, мысалдар кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешті, «Қарға мен түлкі», «Маймыл мен көзілдірік», «Квартет», «Аққу, Шортан және Шаян» мысалдарды мұқият тыңдады. Оқушылар «Крылов әлемі» викторинасының сұрақтарына жақсы жауап берді және И.А.Крыловтың мысалдарында кейіпкерлер хайуан болғанымен, адамдардың кемшіліктерін күлкі қылады, мысалдардан көптеген даналық және ғибратты нәрселер алуға болады деген қорытындыға келді.