«Қалам мен қылыш рыцарлары»

4 сәуірде сағат 12.00-де атақты француз жазушысы А. Дюманың шығармалары бойынша № 3 көпшілік кітапханада орта буын оқушыларымен «Қалам мен қылыш рыцарлары» байқау бағдарламасы өткізілді. Оқырман қауымның құмарта оқитын тарихи драмалық шығармаларынан, шым-шытырық оқиғалы романдарынан, оның есімін елге танытқан 1844 жылы жазған «Үш ноян», 1845-1846 жазған «Граф Моте-Кристо», «Две Дианы» т. б. қызық оқиғаларға толып шығармалары шынайы жайттарға өз қиялымен астасқан өзгеше әсер тудырады. Шарада оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректер топтамасы бойынша сынасты. Жазушы мұрасы әлем мәдениетіндегі мәңгілік тұғырын сақтай бермек.

Комментарии запрещены.