«Ғылымның жарық жұлдызы»

08.04.24 ж. Академик, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғалым-геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған қаласы мен Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  туғанына 125 жыл толуына орай «Ғылымның жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстелі өтті. Көрнекті геолог-ғалым, ғылымды ерекше ұйымдастырушы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Сәтбаев өз есімін алтын әріптермен өз халқының тарихына енгізді. Академик Қ. Сәтбаевтың ұлылығын асыра бағалау қиын! Ғылымның көптеген салаларында энциклопедиялық білімі бар жоғары эрудициялы адам Сәтбаев елге зияткерлік, ғылыми даму трендін белгіледі, соның нәтижесінде қазақстандық қоғам ағартушылықтан зияткерлік-ғылыми және кәсіби қоғамға айналды. Ұлы ғалымның еңбегінің арқасында халқымыздың, жастарымыздың және еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасы қаланды. Шараға профессор, филология ғылымдарының докторы А. Қ.  Тұрышев, Ә. Марғұлан университеті, Ғылыми зерттеу Институтының қызметкері Б. Н. Мұзафар, Торайғыров университетінің Ғылым және коммерцияландыру бөлімінің ғылыми қызмет жөніндегі кеңесшісі Н. Т.Уксукбаева, және М. Қанапиянов атындағы жоғарғы колледжінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледженің студенттері қатысты. Ғылым шығармашылығына арналған шараға «Қаныш Сәтбаев жан-жақты ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.