17 тамызда № 3 балалар кітапханасында № 116 б/б балаларына «Кітаппен балалық шаққа» атты ұлы жазушы Сергей Михалковтың мерейтойына арналған ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Балалар жазушысы Сергей Михалковтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Қатысқандар 16 адам.
Жүргізуші Жакиянова Райхан Жаужүрековна слайд көрсету арқылы балаларға жазушының өмірбаянымен таныстырды. Сергей Михалков — ұлы адам, жүрегі бала жанды талантты ақын, әскери тілші, драматург, жазушы. Оның өмірі қызықты оқиғаларға толы. Ол өз өмірін балалар кітаптарын жазуға, анимациялық және көркем фильмдерге арналған сценарийлерге арнады . Оның өлеңдерін, мысалдарын, мультфильмдерін үлкен-кіші бәрі біледі.
Балаларға «Как старик корову продавал», «А что у вас?» мультфильмдері көрсетілді. Ары қарай «Мы едем, едем» достар әнінің аудиожазбасын тыңдап, балалар әнді бірге орындады. Жазушының өз дауысын тыңдады. «Завидное упорство» мысалын дауыстап оқығаннан кейін, балалар бұл мысалдан не үйренуге болатынынан қорытынды жасады, прозадағы «Хочу бодаться» мысалы бойынша мультфильм тамашалады. Жазушының жұмбақтарын шешті. 4 бөлімнен тұратын «Дядя Стёпа» поэмасындағы басты кейіпкердің ерліктері туралы қызықты үзінділер оқылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.