«Бағдаршам бояулары қонақта» атты ойын

16  тамызда № 3 балалар кітапханасында № 16 бала бақшасында «Бағдаршам бояулары қонақта» атты балаларға Жол жүру ережесін таныстыру  мақсатында  ойын өткізілді.  Қатысқандар 22 адам.

Жүргізуші Калиева Динара Амангельдиновна «Бағдаршам бояулары қонақта» әңгімесінде жол ережелері жайлы баяндап кана  қоймай,  жол ережелеріне арналған сұрақ-жауабын  өткізді. Қатысушылар жол белгілерімен танысты. Балалар көліктер туралы жұмбақтарды шешті. Әрі қарай балаларға арналған «Жол қауіпсіздігі әліппесі» оқу бағдарламасы дискісін тамашалады.

Балалар «Қызыл, жасыл, сары», «Жол белгілері» т.б. ойындарын ойнады. «Біз жүреміз, жүреміз» ойынында әр қатысушы автокөліктің суретін алып, көлікпен тағайындалған жерге барды. Тақтада әртүрлі нысандардың суреттері ілулі тұрды (дүкен, мектеп, цирк, аурухана).

Комментарии запрещены.