«Сүйкімді жануарлар» вернисажы

20 тамызда № 3 балалар кітапханасында № 116 бала бақшасының балалары үшін «Сүйкімді жануарлар» вернисажы өткізілді. Қатысқан 17 адам.

         Мақсаты: Балаларды үй жануарына жауапкершілікпен, мейірімділікпен қарауға үйрету.

Шара С.Маршактың «Усатый полосатый» өлеңін дауыстап оқумен басталды.

Жүргізуші Жақиянова Райхан Жаужүрековна балаларға мысықтар туралы, осы таңғажайып жануарлардың пайда болу тарихы туралы әңгімелеп берді.. Балалар Куклачев театрының циркі қойылымының бейнеролигін, Носовтың «Живая шляпа» мультфильмін тамашалады. Ары қарай «Чучело-мяучело» аудиожазбадағы әнін тыңдап, бірге қосылып айтты. Балалар бейнероликтен  әлемдегі  ерекше мысықтарды көріп, мысықтар өмірінен қызықты деректермен таныс болды.

Комментарии запрещены.