Кітапхананың үздік дизайнына конкурс өткізу туралы ереже

1. Жалпы ережелер:

1.1. Осы Ереже көпшілік және балалар кітапханасының үздік дизайнына конкурс өткізудің мәртебесі мен тәртібін реттейді.
1.2. Конкурс ұйымдастырушысы «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ болып табылады.
1.3. Конкурсқа мәдениет нысандарын жаңғыртуда тәжірибесі бар дизайнерлер мен мамандар қатысады.
1.4. Осы Ереже қатысушыларға қойылатын талаптарды, оларды конкурсқа ұсыну тәртібін, іріктеу және бағалау өлшемшарттарын, конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды, байқау іс-шаралары аяқталғанға дейін қолданылады.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Кітапхана қызметкерлерінің назарын перспективалық бағыт және оларды дамыту ресурсы ретінде кітапхана кеңістігін ұйымдастыруды қалыптастыру проблемаларына аудару.
2.2. Кітапхана кеңістігін безендіру үшін жағдай жасау.
2.3. 3D-формат, қызмет үйлесімі, пайдалы аумақты ұлғайту.

3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

3.1. Мәдениет объектілерін жаңғыртудағы тәжірибесі.
3.2. Стандартты емес көркемдік шешімдер.
3.3. Тұжырымдамаға жеке көзқарас.
3.4. Іске асырылған жобалар портфолиосын ұсыну.
3.5. 3D-визуализация
3.6. Пайдаланушылардың оң пікірлері.
3.7. Қатысушылар өз жобаларын онлайн және оффлайн форматта қорғай алады.

4. Конкурсты өткізу мерзімі: 15.05.22 — 05.07.2022 ж. дейін

4.1 Материалдар мен өтінім хат мына электрондық поштаға жолдануы керек: cbs.ruk@mail.ru

5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті (қазылар алқасы):

Қазылар алқасының төрағасы:

Н.Е. Каирленов – «Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы
Қазылар алқасының мүшелері:
С.А. Гладышева – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
А.Н.Нургамисова – Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
О.А.Шуранов — суретші-кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
О.В.Пашко — Павлодар облыстық көркемсурет музейінің өнертанушысы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.
И.В.Теплова – «Колос» балалар мәдени-сауықтыру орталығының басшысы

Ұйымдастырушылар:

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Байланыс телефондары: (7182) 54-93-04


Конкурсқа қатысуға

Өтінім

Конкурстың атауы: кітапхананың үздік дизайны


Қатысушының аты-жөні Ұйым Жұмыс атауы Жүзеге асырылған жобалар портфолиосы (қосымша беру) Байланыс нөмірі және  эл.поштасы
1

 

Комментарии запрещены.