«Елорда — тарих айнасында»

05.07.2022 ж.  Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында «Елорда — тарих айнасында» атты  тарихи саяхат өтті.

Аталмыш шараға Ақсу қаласының құрметті азаматы, Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кондыкерова Светлана Кабидоллақызы, Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі, аудармашы Сатыбалдин Серік Қинаятұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Май ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бектеміров Рашид Бектемірұлы, Павлодар облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы және көрермен ретінде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының штабы қатысты.

Шараға келген қонақтар жастар қауымына Астана жайлы өз ойларын білдіре отырып шын мәнісінде, еліміздің дәрежесі елордамыздың даңқымен жыл сайын асқақтап келетіндігін, сондықтан да елорда мерейі асқақтаған сайын еліміздің де беделі биіктеп, еңсесі тіктеле түсетіндігін және болашақта қазақ Астанасы бүкіл әлем қалалары ішіндегі жасампаздық символы болатынына сенімдерін білдірді.

Модератор Оразбек Саяхат шара бойы Елорданың жалпы тарихы,  көрнекті жерлері туралы және Астана күні бүгінде жалпыхалықтық мейрамға айналғандығын айтып өтті.

Астанаға күніне арналған «Ел жүрегі – Астана» атты бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан және мерзімді басылымдардан дайындалған «Еңсесі биік Елорда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.