Кітапхананың үздік дизайнына конкурс өткізу туралы ереже

Кітапхананың үздік дизайнына конкурс өткізу туралы ереже

 Жалпы ережелер:

    • Осы Ереже Павлодар қаласының көпшілік және балалар кітапханаларының үздік дизайнына конкурс өткізудің мәртебесі мен тәртібін реттейді:
  • Орталық қалалық кітапхана;
  • Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапхана;
  • №4 көпшілік кітапхана;
  • М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы;
  • №2 балалар кітапханасы;
  • № 4 балалар кітапханасы;
  • № 8 балалар кітапханасы.

1.2. Конкурс ұйымдастырушысы «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ болып табылады.

1.3. Конкурсқа мәдениет нысандарын жаңғыртуда тәжірибесі бар дизайнерлер мен мамандар қатысады.

1.4. Осы Ереже қатысушыларға қойылатын талаптарды, оларды конкурсқа ұсыну тәртібін, іріктеу және бағалау өлшемшарттарын, конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды, байқау іс-шаралары аяқталғанға дейін қолданылады.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
    • . Конкурстың талабы мен міндеттері:

2.2. Павлодар қаласының кітапханаларының тиімді аумағын кеңейту арқылы жаңғырту (модернизациялау); кітапхана кеңістігін 3Д- форматта  әшекейлеу;

2.3. Оқырмандарды тарту және жұмыс істеу үшін заманауи қолайлы жағдайлар жасау;

2.4. Қалалық кітапханалардың инновациялық әлеуетін дамыту;

  1. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

         3.1. Мәдениет объектілерін жаңғыртудағы тәжірибесі.

         3.2. Стандартты емес көркемдік шешімдер.

         3.3. Әр объектіге жеке дара қарау;

3.4. Іске асырылған жобалар портфолиосын ұсыну.

3.5. 3D-визуализация

         3.6. Пайдаланушылардың оң пікірлері.

         3.7. Қатысушылар өз жобаларын қорғайды.

  1. Конкурсты өткізу мерзімі: 20.03.23 — 22.05.2023 ж. дейін

4.1     Материалдар мен өтінім хат электрондық поштаға жолдануы керек: cbs.ruk@mail.ru

  1. Конкурс қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау:

5.1. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын бағалау 10 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

5.2. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және тиісті хаттамамен ресімделеді.

5.3. Әр номинация бойынша жеңімпаздар 1,2,3 орын үшін грамоталармен, алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар:

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 Байланыс телефондары: (7182)  54-93-04

Комментарии запрещены.