«Кітапхана – кітап үйі»

1 ақпанында «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» жобасы аясында «Академия успеха» жеке мектебінің 0-1 сынып оқушылары үшін «Кітапхана – кітап үйі» атты кітапханалық калейдоскоп өткізілді. Балалар абонемент, оқу залы, оқырман формуляры не екенін білді, кітаппен жұмыс істеу ережелері туралы әңгімеледі. Шара барысында балалар жазушылар мен ақындарды, кітаптардың атаулары мен кейіпкерлерін еске алып, жұмбақтарды шешіп, мультфильмдердегі балалар әндерін еске алды. «Балалық шақтағы сүйікті кітаптар» атты суреттелген кітап көрмесі безендірілді. Балалар дауыстап оқуға белсене қатысты. Әрқайсысы өздеріне ұнаған кітапты таңдап, оқыды.

Комментарии запрещены.