«Балаларға оқимыз»

1 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Табыс академиясы» жекеменшік мектебінің 2-сынып оқушылары үшін «Кешкі кітапхана» жобасы аясында дүниежүзілік мәнерлеп оқу күніне орай «Балаларға оқимыз» библиопленэрі өткізілді. Кітапханашы кітапхана залдарына экскурсия жүргізіп, балаларды тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмелерімен және ашық қолжетімділік қорының бөлімдерімен таныстырды. Кітапханаға жазылу ережелерімен және балалар әдебиеті бар сөрелермен таныстырды. Бұдан әрі бағдарламада: белгілі балалар ақыны М. Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Іс-шара соңында балалар орыс халық ертегісі бойынша «Шортанның бұйрығымен», «Емеля» атты қуыршақ қойылымдарын тамашалады.

Комментарии запрещены.