Кітапханаға алғашқы қадам

19 сәуірде  №2 балалар кітапханасының оқу залында №25 мектептің 1 «Б» сынып оқушыларына кітапхана туралы ақпарат күні өткізілді.

Мақсаты: балаларды кітапхана қорындағы  жаңа кітаптармен таныстыру; оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін  арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту; кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

Кітапханашы  М. Ш. Жотекова жалпы кітапханамен таныстырды. Келесі кітапханашы Л. П. Корюкина кітап туралы, оның шығу тарихы жайында баяндады.  Содан соң балалардың назарына «Кітаптың шығу тарихы» бейнеролигі ұсынылды. Түрлі қызықты ойын ұйымдастыру арқылы кітап, білім, қазақ мақал-мәтелдері туралы жас шәкірттердің түсінігі тереңдетілді. Балалар әсем безендірілген үлкенді-кішілі кітаптарды аударыстыра қарап, қызыға тамашалады. Кітапханашылар балаларға ата-аналарымен бірге осында келіп, ұнаған кітаптарын алуға тілек білдірді. Шараға 40 жас оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.