«Денсаулық құпиясы» атты денсаулық сағаты

Сәуірдің 18 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында №43 мектептің 2 сынып оқушыларына «Денсаулық құпиясы» атты денсаулық сағаты өткізілді. 1905 жылдан бастап бүкіл әлемде Денсаулық күні өтеді. Шараның мақсаты: салауатты өмір сүруді насихаттау, өз денсаулығынды қадірлеу.

Шараның басында кітапханашы балаларға  шараның тақырыбын жұмбақтап айтты. Балалар денсаулық жайлы екенін бірден сезді. Сосын барлығы бірге  бірнеше станциядан тұратын саяхатқа шықты. Бірінші станция – Күн тәртібі. Балалар күн тәртібінде ең бастысы не екенін айтты. Содан кейін «Денсаулық үшін не керек?» атты ойынның сұрақтарына  жауап берді. Екінші станция – «Дұрыс тамақтану». Кітапханашы балаларды А, В, С, Д дәрумендерімен таныстырды. Балалар осы дәрумендер қай азықтарда болатынын және несімен пайдалы екенін білді. Үшінші станция – «Физкультура және спорт». Осы жерде бой сергіту сәті өткізілді. Содан кейін балалар спорт түрлері туралы жұмбақтар шешті. Төртінші станция – «Жеке гигиенаны сақтау». Кітапханашы баланың жеке гигиенасы туралы айтты. Оқушылар пантомима арқылы жеке гигиена құралдарын көрсетті.  Шараның соңында кітапханашы балалардан дені сау адамды сипаттайтын сөздерді сұрады. Шеңберге тұрып балалар бір-біріне доп беріп, тілек айтты. «Бірінші байлық — денсаулық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқан 24 адам.

Комментарии запрещены.