«Гүлдер мен айдаһарлар еліне» деген махаббат

24 тамызда № 10 кітапханадағы коворкинг орталығында жас оқырмандар үшін қазіргі Қытайдың жазуы мен мәдениетіне арналған, «Гүлдер мен айдаһарлар еліне» деген сүйіспеншілікті мойындау атты іс-шара өтті. Іс-шараға Новосибирск мемлекеттік университетінің үшінші курс студенті Ангелина Кучерук бұл керемет елге деген сүйіспеншілігі мен  қытай тіліне деген қызығушылығы туралы айтты. Ангелина өз білімімен  бөліскісі келетінін білген, кітапхана қызметкерлері оны тыңдауға, іс—шараға  қатысқысы келетін оқырмандарды шақырды. Осы мақсатта кітаптардан инсталляция жасалып, желдеткіштер, түрлі-түсті қағаз шамдар,ойыншық пандалар, монеталар, қытай қағаз ақшалары (юань), қытай ақща символы бақалар, айдаһар мен гүлдердің түрлі-түсті суреттері қойылды.

Іс-шара «Қытай» мультфильмін және «Қытай мәдениетіндегі айдаһарлар» видео ролигін көрумен ашылып, Аспан асты елінің негізгі жоралары мен салт-дәстүрлерімен таныстырды. Содан кейін, кітапхана қызметкерлері Қытай тарихына шағын саяхат жасап,  осы бірегей де, жұмбақ ел туралы барлық шындықты танытатын  20 негізгі фактілерді атады. Қытай халқы саны (1,4 миллиардтан астам адам) жағынан  бүкіл елдер арасында көзбасшы болып тұрғаны және әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі болып саналатыны; б.з.д. VI ғасырдағы мәдени ескерткіштері бар екендігі жайында әңгімеленді. Жүргізушілер ұсынған кейбір фактілер, қонақтардың қызығушылығын тудырса, ал кейбірі таңқалдырды. Мысалы, Қытайда үй жануарларының рөлінде  шегірткелер болса, ал біз үшін бұл жәндіктер үйге кіріп кетсе, ұйқымызды қашырады.  Сонымен қатар Қытайда масалар өсіретін зауыт бар, олар күн сайын  100 мыңнан астам масаны табиғатқа жібереді екен.

Кітапхананың негізгі қонағы Ангелина Кучерукке сөз бермес бұрын,  жас оқырмандар осындай күлетін де, қорқатын да жаңалықтардан әсер алды. Ангелина неліктен ағылшын тіліне деген сүйіспеншіліктен кейін, қытай тілін үйренуге ауысқаны туралы әңгімелеп берді. Содан кейін Ангелина қытай музыкалық дыбыстарына, алфавитіне және иероглиф жазбасына ауысты. Осы сәтте қатысушылар арасында Шанова Томирис пен Медведев Даниил екеуі қытай тілінің кейбір сөздері мен сандарын білетіндері анықталды.Сөйтсе, Томирис каратэ секциясына барғанда, ал Даниил облыстық географиялық қоғамына барып жүргенде қытай тілін үйренген екен. Барлық балалар асқан қызығушылықпен Ангелинаны соңынан дыбыстарды, сандар мен әріптерді қайталады. Енді олар 1 қыркүйекте мектепке барғанда сыныптастарына айтатын қызықты әңгімелері көп. Қатысқандар 15 адам

Комментарии запрещены.