«Еліміздің тірегі – Ата Заңымыз» атты құқық сағаты

2018 жылдың 28 тамызында № 8 балалар кітапханасының оқу залында
оқырмандарға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Еліміздің тірегі – Ата Заңымыз» атты құқық сағаты өткізілді.

Шара басында кітапханашы И. А. Стоянова балаларға «Еліміздің басты заңы» атты әңгіме өткізді, әңгіме барысында балалар Ата Заңының шығу тарихымен, оның құрылысымен таныс болды. Балалар «Өз құқықтарыңды білесіңдер ме?» атты сұрақ-жауапқа белсенді қатысты, онда кітапханашы аяқталмаған сөйлемді оқып, балалар оны қажетті сөзбен аяқтап отырды. Шара барысында балалар азаматтардың қандай  міндеттері бар екенін, Конституция қандай құқықтар мен бостандықтарына кепілдік беретінін білді. Содан соң, балаларға «Менің Отаным — Қазақстан» атты сұрақ-жауап ұсынылды.  Қорытындылай келе кітапханашы балалардың назарын «Еліміздің тірегі – Ата Заңымыз» атты кітап көрмесіне аударды, көрме бойынша әдеби шолу жүргізілді. Шараға 14 бала қатысты.

 

Комментарии запрещены.