8 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде «Павлодар облысының туберкулёзге қарсы балалар санаторийі» КМҚК-нің 3-5 сынып оқушыларына арналған «Ертегі патшалығында, Жұмбақты мемлекетте» фольклорлық құмшық өткізілді. Мақсаты: ауызша шығармашылық-жұмбақтармен таныстыру. Кітапхана қонақтарын «Веснушки» балалар шоу-тобының орындауындағы «Песенки-загадки» көңілді әні қарсы алды.
Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна барлығын Жаңа жылмен құттықтап, ертегі патшалығы мен жұмбақ мемлекетке барып келуді ұсынды. Бірақ, ол үшін барлығы көптеген нәрселерді еске түсіріп, тапқырлықтары мен білімдерін көрсету керек. Алдымен, кітапхана қонақтары «Кто любит петь и играть» командалық ойынына қатысып, жүргізушінің күрделі де астарлы сұрақтарына жауап берді.
Содан кейін балалар «Загадочный», «У кого какое прозвище?», «Загадки-обманки» сайыстарына; «Сказочный остров» сұрақ-жауабы мен «У нас в гостях загадки» виртуалды блиц-турниріне қатысты; Эдип патшасына қиын да, шешімін ешкім де таппаған жұмбақ жасырған сфинкс туралы аңызды тыңдады; «Финист – ясный сокол» мен «Поди туда – не знаю куда» мультфильмдерінен үзінділер қарады, ондағы қаһармандар да жұмбақтардың жауаптарын тапты. Әрі қарай «Цветочный» кроссворддың шешімін тауып, «Умная девочка» мультфильмін көрді.
Қатысушылар саны – 18 адам.