Өз қолдарымен ашықхаттар жасау»

8 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 85 балабақшаның мектепалды тобы балаларына арналған  «Өз қолдарымен ашықхаттар жасау» жаңа жылдық шеберхана өткізілді. Мақсаты: қысқы демалыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру.

Жүргізуші-кітапханашы  Микушина Любовь Степановна бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, «Орманда шырша туыпты» әнін барлығына бірге шырқауды ұсынды. Содан «Загадки» және «Загадки-обманки» сайыстарында өздерінің тапқырлықтарын көрсетуді ұсынды; «Кто любит петь и играть» ойынында балалар  қатты дауыстап «Это я» деп қойылған сұрақтарға жауап берді. «Есть в лесу…» физкульминуткада балалар ерекше қуанышпен қатысып және екі топқа бөлініп жұмыс үстелдерінде жаңа жылдық ашықхаттар жасауға кірісті.

Шара соңы балаларға «По щучьему велению» қуыршақ қойылымының көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны – 34 адам.

Комментарии запрещены.