«Балалар, жаңа жылдық шырша биін жыл бойы күтті»

13 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 96 балабақшаның мектепалды тобы балаларына арналған  «Балалар, жаңа жылдық шырша биін жыл бойы күтті» әдеби коллажы өткізілді. Мақсаты: қысқы демалыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру. Кітапхана қонақтарын «Это Новый год» көңілді әні қарсы алды.

Жүргізуші-кітапханашы  Микушина Любовь Степановна қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылдық ертегілер аясында айналып, би билеуді ұсынды. Балалар: «Сөйлемді аяқта» және «Ушки на макушке» сайыстарына, «Ия немесе Жоқ» қысқы ойыны мен «Сказки водят хоровод» виртуалды сайысына белсене қатысты.  Тоңып қалмау үшін және зерікпеу үшін «Чей ком больше?», «Покрути обруч» спорт ойындарын ойнады. Ал, «Снежок желаний» ойынында әрбір қатысушы басқалардың күтпеген тілектерін орындаулары керек еді және қатысушыларға өздерінің құттықтау сөзі мен тілегін айта алатын мүмкіндіктері болды.

Шара соңы «Аяз ата мен Сұр қасқыр» мультфильмінің және «По щучьему велению» қуыршық қойылымының қаралуымен аяқталды.  Қатысушылар саны – 49 адам.

Комментарии запрещены.